АҚШ кез келген Huawei өнімдері мен технологияларын жеткізуге толық тыйым салуы мүмкін

624

Ақ үй американдық компанияларға Huawei өнімдерін экспорттауға лицензия беруді тоқтатты.  

АҚШ кез келген Huawei өнімдері мен технологияларын жеткізуге толық тыйым салуы мүмкін Фото: zn.ua

Financial Times газеті хабарлағандай, АҚШ президенті Байден әкімшілігі американдық компанияларға Huawei үшін тауарларды экспорттауға лицензия беруді тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz.

АҚШ сауда министрлігі кейбір компанияларға американдық технологияларды Huawei-ге экспорттауға лицензия бермейтіні туралы хабарлады. Осылайша, Ақ үй Huawei үшін кез келген өнімдер мен технологияларды жеткізуге толық тыйым салудан тайынбайтын секілді.

Huawei-ге технологияларды экспорттауға үлкен шектеулерді ең алғаш Трамп әкімшілігі енгізді, бірақ сауда министрлігі озық технологиялармен байланысты емес (5G сияқты) кейбір компанияларға өнімдерге лицензия берді. Енді мұндай лицензиялар да берілмейді.

Жалпы Қытай, оның ішінде Huawei бірнеше жылдан бері АҚШ тарапынан қатты қысымға ұшырады және бұл қысым тек күшейіп келеді. Сонымен, өткен аптада Нидерланды мен Жапония Қытайға технологияларды экспорттауда американдық шектеулерге қосылғаны белгілі болды. АҚШ алдыңғы қатарлы жартылай өткізгіштерге қол жеткізу Қытайға өзінің әскери мүмкіндіктерін нығайтуға мүмкіндік береді деп қорқады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу