АҚШ Конгресі Пентагон басшысының жалақысын айына 1 долларға дейін төмендетті

367

АҚШ Өкілдер палатасы Қорғаныс министрі Ллойд Остиннің жалақысын айына 1 долларға дейін төмендету туралы түзетуді қабылдады, деп жазады Washignton Examiner. 

АҚШ Конгресі Пентагон басшысының жалақысын айына 1 долларға дейін төмендетті Фото: img8.eadaily.com

Құжат Палатаның сайтында жарияланған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Палатадағы орындардың көпшілігін республикашылар алады. Түзету Конгрессмендерге белгілі бір федералды қызметкерлердің жалақысын төмендетуге мүмкіндік беретін "Холман ережесі" бойынша қабылданды. Құжат 28 қыркүйекте түпкілікті қабылдануы жоспарланған жыл сайынғы қорғанысқа кететін қаржы туралы заң жобасы аясында талқыланды.

"Бұл импичменттен өзгеше. Сіз оларды жалақысынан айырып, жұмыстан шығуына мәжбүрлейсіз", "[Остин] қай істе болмасын сәтсіздікке ұшырады, сондықтан бүгін Холман ережесін қабылдай отырып енгізілген түзету бізге оны жұмыстан шығаруға мүмкіндік береді", — деп түсіндірді бастама авторы, республикалық конгрессмен Марджори Тейлор Грин.

Республикашылдардың наразылығы министрдің "Ауғанстаннан сарбаздарды шығару" кезіндегі сәтсіз шешімдері, әскерге шақырылушылардың азаюы мен әскери қызметкерлердің COVID-ке қарсы вакцинациядан бас тартқаны үшін жұмыстан шығарылуымен байланысты.

Forbes-тің 2021 жылғы бағалауы бойынша Остиннің байлығы — $7 млн. Ол соманың көп бөлігін қорғаныс компанияларының директорлар кеңесінде қызмет еткенде жинаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу