АҚШ Конгресінде TikTok-ты пайдалануға тыйым салынды

568

Жаңа талап шығындар туралы заңда жазылған.  

АҚШ Конгресінде TikTok-ты пайдалануға тыйым салынды Фото: theconversation.com

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы енді телефондарында TikTok әлеуметтік желісін пайдалануға тыйым салады, деп хабарлайды inbusiness.kz WIONews-ке сілтеме жасап.

АҚШ билігі TikTok қосымшасына және оның қытайлық иесі ByteDance-ке күдікпен қарауды жалғастырып келеді. Әсіресе платформаның ҚХР Коммунистік партиясымен байланыстары мен қытайлық шенеуніктер АҚШ деректеріне қол жеткізе алады деген сыбыс шыққалы бері алаңдаушылық арта түсті. Осыған байланысты Конгрессте шығындар туралы жиынтық заң жобасында үкіметтік құрылғыларға қосымшаны орнатуға тыйым салынды.

2022 жылы АҚШ Конгресі технологиялық индустрияға әсер еткен бірнеше маңызды заңнаманы қабылдады.

Олардың арасында өндірушілерге АҚШ-та жартылай өткізгіш зауыттарын салу үшін ондаған миллиард доллар беретін Чип туралы заң да бар. Осылайша, Вашингтон компьютерлік чиптерге қатысты Бейжіңге тәуелді болғысы келмейді.

Жаңа заң жобасы бірнеше жартылай өткізгіш компанияларды Аризона, Нью-Йорк пен Огайода жаңа зауыттар салуды бастауға итермелегені белгілі.

TikTok - Бейжіңдегі ByteDance компаниясына тиесілі қысқа бейнелерді жасауға және көруге арналған қосымша.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу