АҚШ конгрессмендері 768 млрд долларлық қорғаныс бюджетін мақұлдады

944

Украинаға әскери көмек ретінде 300 миллион доллар бөлінеді.

АҚШ конгрессмендері 768 млрд долларлық қорғаныс бюджетін мақұлдады Фото: reuters.com

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы 2022 қаржы жылына арналған қорғаныс бюджетінің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап.

Құжатты 363 конгрессмен қолдады. 70-і оның қабылдануына қарсы болды. Мақұлданған бюджет көлемі – 768 миллиард доллар. Енді құжат Сенатқа жіберіледі. Сенаттан мақұлданса, АҚШ Президенті Джо Байденге қол қоюға жіберіледі.

Құжат бойынша, Украинаға әскери көмек ретінде 300 миллион доллар бөлінеді. Ресейді әскери тұрғыда тежеу үшін 4 миллиард доллар бөлу жоспарланған.

Бұған дейін АҚШ-тың келесі жылға арналған қорғаныс бюджеті Ресейдің "Солтүстік ағын-2" газ құбырына қарсы санкцияларынсыз ұсынылды. Сонымен қатар АҚШ билігі Ресейдің мемлекеттік қарызына және адам құқығын бұзды айыпталған ресейлік жеке тұлғаларға шектеу енгізуден бас тартты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу