Құрама Штаттар Куба президенті Мигель Диас-Канельге қарсы санкция енгізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қара тізімге одан бөлек отбасы мүшелері мен Рауль Кастроның ұлы мен немересі де ілікті. Вашингтон шешімнің себебін жариялаған жоқ. Тізімді АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасы жариялады.
Ақ үй басшысы Кубаны "берекесі жоқ мемлекет" деп атады. Ал Президент Мигель Диас-Канель АҚШ санкцияларын арандатушылыққа теңеді. Оның айтуынша, Куба халқы Құрама Штаттардың қысымына төтеп беруге және егенмендігін қорғауға әзір.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу