АҚШ Кувейттен елшілік қызметкерлерін толықтай көшірді

229

Бұл туралы америкалық CBS News телеарнасы хабарлады.    

АҚШ Кувейттен елшілік қызметкерлерін толықтай көшірді Фото: humenglish.com

АҚШ Кувейттен елшілік қызметкерлерін шұғыл көшірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Америкалық CBS News телеарнасының дерегінше, дипломатиялық миссия өкілдеріне серверлердегі құпия ақпаратты өшіріп, барлық маңызды деректі жою тапсырылған.

Бұған дейін Кувейт әскері Ираннан ұшырылған зымыранды қағып түсіргенін мәлімдеді. Алайда зымыран сынықтары елді мекенге құлап, бір көлік бүлінген. Зардап шеккендер жоқ.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Кувейттегі елшілігінің жұмысын тоқтататынын хабарлады.

"АҚШ қызметкерлері арасында қаза тапқандар туралы хабарлама болмаса да шетелдегі АҚШ азаматтарының қауіпсіздігі мен олардың қорғалуына басымдық беріледі", – делінген ресми мәлімдемеде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу