АҚШ Қытайдан ең көп несие алатын ел екені анықталды

63

NBC-дің хабарлауынша, Қытай енді дамушы мемлекеттерге емес, кірісі жоғары елдерге көбірек несие беріп отыр.   

АҚШ Қытайдан ең көп несие алатын ел екені анықталды Фото: Dreamstime

Америкалық зерттеушілер Қытайдың несие саясаты өзгергенін анықтады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, АҚШ Қытайдан ең ірі несие алушы ел болған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Уильям және Мэри университетінің AidData зертханасы дайындаған есепте 2000–2023 жылдар аралығында Қытай әлемнің 200 мемлекетіне жалпы 2,2 триллион доллар көлемінде несие мен грант бөлгені жазылған.

2000 жылы төмен және орташа төмен табысты елдерге берілген несиенің үлесі 88% болған. Алайда 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш 12%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Қытай "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында Жаһандық Оңтүстіктегі инфрақұрылым жобаларын қаржыландыруды да қысқартқан.

Керісінше, орта және жоғары табысты елдерге бөлінетін қаржы айтарлықтай артты: 2000 жылы бұл үлес 24% болса, 2023 жылы 76%-ға дейін өскен. Мысалы, Ұлыбритания Қытайдан 60 миллиард доллар, ал Еуропалық одақ 161 миллиард доллар алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу