АҚШ Қытайдың Украинадағы шиеленіске қатысты бейтарап ұстанымының орынсыз екенін мәлімдеді

1434

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуланд Украинадағы жағдай бойынша Қытайдың бейтарап ұстанымы қазіргі жағдайда орынсыз деп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

АҚШ Қытайдың Украинадағы шиеленіске қатысты бейтарап ұстанымының орынсыз екенін мәлімдеді

Оның айтуынша, Германия канцлері Олаф Шольц пен Франция Президенті Эммануэль Макрон ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесу барысында Бейжіңді бейтараптық сақтамауға көндірмек болған. 

Бұған дейін ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Германия канцлері Олаф Шольцпен және Франция Президенті Эммануэль Макронмен видеосаммит өткізді. Ол "Еуропа континентіндегі соғыс өртіне" алаңдайтынын білдірді.

Си Цзиньпин: "Қытай Еуропа құрлығында соғыстың басталғанына алаңдайды", – деді ол.

Табиғат Нұрболат

Фото: taiwannews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу