АҚШ Қытайдың гуманоид роботтарын импорттауға тыйым салды

373

АҚШ ұлттық қауіпсіздікке байланысты шетелде өндірілген жаңа гуманоид роботтарды елге әкелуге шектеу енгізді.  

АҚШ Қытайдың гуманоид роботтарын импорттауға тыйым салды Фото: dknews.kz

Жаңа шектеу төрт аяқты робот-иттерге де қатысты болмақ. Федералдық байланыс комиссиясының мәліметінше, жасанды интеллектке негізделген заманауи роботтар киберқауіпсіздік пен ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар АҚШ билігі тұрақты тоқты айнымалы тоққа айналдыратын күштік инверторларды импорттауға да шектеу енгізілді. Бұл құрылғылар жаңартылатын энергия жүйелерінде, деректерді өңдеу орталықтары мен тұрмыстық техникада кеңінен қолданылады.

Бұл бағыттағы шешімдер АҚШ-тың Қытайдан импортталатын өнімдерге қатысты қабылдап жатқан шектеу шараларының жалғасы саналады. Бұған дейін Вашингтон қытайлық дрондардың импортына және АҚШ-тың озық технологияларын Қытайға экспорттауға шектеу енгізген болатын.

Сарапшылардың бағалауынша, бүгінде Қытай әлемдік гуманоид роботтар нарығының шамамен 85 пайызын иеленіп отыр. Ал Morgan Stanley инвестициялық банктің болжамына сәйкес, 2030 жылға қарай бұл елдегі гуманоид роботтар нарығының көлемі 15 миллиард долларға жетуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу