АҚШ-тың мемлекеттік қарызы алғаш рет 40 трлн доллардан асып түсті

256

Сарапшылар дабыл қақты.      

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы алғаш рет 40 трлн доллардан асып түсті Фото: slovoidilo.ua

АҚШ Қаржы министрлігі елдің жалпы мемлекеттік қарызы алғаш рет 40 триллион доллардан асқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, бұл қаражаттың 32,266 триллион доллары – мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша қарыз болса, 7,78 триллион доллары – үкіметтің ішкі берешегі.

Reuters жазуынша, АҚШ федералды үкіметінің қарыз міндеттемесі Дональд Трамп пен Джо Байденнің билігі тұсында айтарлықтай өскен. Оның шамамен үштен бір бөлігі COVID-19 пандемиясы салдарымен күресуге бағытталған шұғыл мемлекеттік қарыздарға жатады. Ал қалған бөлігі екі президенттің жүргізген фискалдық саясаты мен бюджеттің салық пен шығыс бөлігі арасындағы алшақтықтың салдарынан қалыптасқаны айтылған.

"Қарыздың 40 триллион долларға жетуі үкіметтің есеп-қисабында тұрған жай ғана сан емес. Бұл түптеп келгенде әрбір азаматтың қалтасына салмақ түсіреді", – деді сарапшы Майя Макгинес.

Жалпы алғанда, АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 2017 жылдан бері екі еседен астам өсті.

Дональд Трамп президент болған кезеңде қарыз шамамен 12 триллион долларға, ал Джо Байденнің тұсында 8 триллион доллардан астамға көбейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу