АҚШ мұнайдың қымбаттауына алаңдаулы

825

Джо Байден бензин салығына қарсы.  

АҚШ мұнайдың қымбаттауына алаңдаулы

АҚШ үкіметі мұнайдың қымбаттауы мен оның салдарына алаңдаушылығын білдірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Ақ үйдің пікірінше, қазіргі уақытта әлемде өндірісін көлемін ұлғайту мүмкіндігі бар.

"Біз мұнай бағасының өсіп жатырғанын көріп отырмыз. Бұны, әрине, ОПЕК елдері алдағы күндері талқылайды. Мен бұл талқылаулар туралы нақты ешнәрсе айта алмаймын. Қазіргі уақытта біз бүкіл әлемде мұнайдың жеткілікті қоры бар деген пікірдеміз", – деді АҚШ басшысының ресми өкілі.

"Өздеріңіз білетіндей, әлемдік экономиканың жандануы мен тұтынушылық белсенділіктің артуы мұнай нарығындағы жағдайға әсер етеді", – деді Псаки.

Сонымен қатар Ақ үй өкілі АҚШ президенті Джо Байденнің елдегі бензин бағасының өсуіне, тұтынушыларға бұл жайттың ауыр соғатынына алаңдайтынын мәлім етті. "Бұл президенттің бензин салығына қарсы болуының басты себептерінің бірі болды", – деді Ақ үй өкілі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу