АҚШ нарығы 1987 жылдан бергі ең төмен көрсеткіштерге ие болды

739

Биткоин құны 4700 долларға дейін арзандады. 

АҚШ нарығы 1987 жылдан бергі ең төмен көрсеткіштерге ие болды

Dow Jones, S&P 500 және NASDAQ деп аталатын негізгі америкалық индекстер шамамен 10%-ға арзандады. Бұл соңғы 33 жылда болмаған көрсеткіш. 

Dow Jones индексі 2352,60 пунктін (-9,99%), S&P 500 260,74 пунктін (-9,51%), Nasdaq 750,25 пунткін (-9,43%) жоғалтты. 
13 наурызда VIX құбылмалылық индексі 75,47 пунктке, яғни 40%-ға көтерілді. Bloomberg агенттігінің дерегінше, кеше бұл индекс 2008 жылдан бергі ең жоғарғы деңгейге  (+66 пункт) жеткен болатын. Кей сарапшылардың болжамынша, коронавирус пандемиясы басылған кезде VIX көрсеткіштері күрт төмендеуге тиіс. 

Жапониядағы Topix индексі 8,5%-ға, Оңтүстік Кореядағы Kospi 7,3%-ға, Аустралиядағы S&P/ASX 200 индексі 7,4%-ға қысқарды. Ал ең танымал криптовалюта саналатын биткоин құны 4700 долларға дейін арзандады.

Еске сала кетсек, 11 наурызда ДДҰ Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус эпидемиясын пандемия деп жариялаған болатын. АҚШ президенті Дональд Трамп еуропалықтардың АҚШ-қа келуіне 30 күндік шектеу енгізді. Оның мәлімдемесінен кейін Brent сұрыпты мұнай құны шамамен 5%-ға төмендеп кетті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу