АҚШ Нигердегі мемлекеттік төңкеріске наразы

334

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Нигердегі төңкеріс әрекетін айыптады.  

АҚШ Нигердегі мемлекеттік төңкеріске наразы Фото: РИА Новости

Америкалық дипломатияның басшысы Twitter-де Африка еліндегі оқиғалар төңірегінде өз ойын білдірді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Америка Құрама Штаттары Нигердегі конституциялық тәртіпті құлату әрекеттерін айыптайды және біздің серіктестігіміз тікелей демократиялық биліктің сақталуымен байланысты екенін еске салады", — деді Мемлекеттік департаменттің бастығы.

Энтони Блинкен сонымен қатар Нигер президенті Мохамед Базуммен жағдайды талқылап, "демократиялық жолмен сайланған" көшбасшысына қолдау білдіргенін айтты.

Reuters агентnігінің хабарлауынша, Нигер әскери күштері елордадағы бірқатар нысандарды, соның ішінде Ұлттық теледидар ғимаратын бақылауға алған. Оның эфирінде Базумның тақтан түскені, шекаралардың жабылуы туралы хабарланған болатын. Нигердің барлық әкімшілік мекемелерінің қызметі тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу