АҚШ Өкілдер палатасы Қытайды жеңілдіктер мен несиелерден айыруды бірауыздан қолдайды

497

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Қытайды халықаралық ұйымдар мен келісімдердегі дамушы ел мәртебесінен айыруға бағытталған заң жобасын бірауыздан мақұлдады.  

АҚШ Өкілдер палатасы Қытайды жеңілдіктер мен несиелерден айыруды бірауыздан қолдайды Фото: eadaily.com

Заң жобасының авторлары Калифорния штатының республикашысы Янг Ким мен Вирджиния штатының демократы Джерри Коннолли болды, деп жазады inbusiness.kz.

АҚШ Конгресінің төменгі палатасында сөйлеген сөзінде Ким Қытай "дамушы ел мәртебесін теріс пайдаланып", "өзінің дамып-жетілуіне халықаралық ұйымдардан түрлі көмек пен несие алуды жалғастыруда", мұны ол "әділетсіз артықшылық" деп бағалады.

"Қытай экономикасы жағынан АҚШ-тан кейін екінші орында тұр. Америка Құрама Штаттары дамыған ел болып саналады және ҚХР-ды да солай санау керек", - дейді ол.

Бастама авторларының пікірінше, енді Вашингтон халықаралық ұйымдарда Қытайды "орташа деңгейден жоғары табысы бар не дамыған мемлекет" санатына жатқызуды талап етуі керек.

Нәтижесінде Қытай "преференциялар режимін" қолданып, "дамушы ел мәртебесінің болуына байланысты ұйымдарда көмек" алуды тоқтатуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу