АҚШ Өкілдер палатасы Трамптың Канадаға енгізген тарифін қолдамады

145

Тиісті заң жобасы дауысқа салынды.

АҚШ Өкілдер палатасы Трамптың Канадаға енгізген тарифін қолдамады Фото: AP Photo/Julia Demaree Nikhinson

Республикалық партияның 6 конгрессмені демократтарға қосылып, Канадаға кедендік баж салығын енгізуге қарсы шықты. Енді АҚШ президенті Дональд Трамп бұл заң жобасына вето қояды деп күтілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап. 

Сәрсенбі күні АҚШ Өкілдер палатасы Трамптың Канадаға енгізген тарифтерінің күшін жоятын шешімді қолдап, дауыс берді. Республикалық партияның 6 өкілі демократтарға қосылып, тарифтерді тоқтатуға дауыс берді. Осылайша 219-ға қарсы 211 дауыспен мақұлданды.

"Өкілдер палатасында немесе Сенатта тарифтерге қарсы дауыс берген кез келген республикашыл сайлауда зардап шегеді. Бұл праймеризге де қатысты", – деп жазды Ақ үй басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Енді құжатты Сенат мақұлдауы тиіс.

Бұған дейін Дональд Трамп тарифтерді АҚШ-тың сауда серіктестерін келіссөз үстеліне отырғызу үшін қажет құрал деп атады. Десек те, аймақтарда сауда соғысына байланысты тығырыққа тірелген бизнес өкілдері мен бағаның қымбаттауынан зардап шеккен сайлаушылардың ашу-ызасы сезіліп отыр. Дауыс берерде заң шығарушылар осыны негізге алған.

"Бүгін алдымызда өте қарапайым таңдау тұр. Сіздер америкалық отбасылар үшін өмір сүру құнын төмендетуді қолдайсыздар немесе Дональд Трампқа адалдық ретінде жоғары бағаны сақтап қаласыздар", –  деді Нью-Йорк штатынан сайланған конгрессмен Грегори Микс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу