АҚШ өкілдері "Биологиялық қауіпті азайту бағдарламасы" аясында ынтымақтасуды ұсынды

616

АҚШ тарапы "Бірыңғай ұлттық денсаулық" құрылымын әзірлеуге және институционализациялауға жәрдем көрсетуге дайын. 

АҚШ өкілдері "Биологиялық қауіпті азайту бағдарламасы" аясында ынтымақтасуды ұсынды

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен АҚШ мемлекетінің уәкілетті органы телеконференция өткізді, онда мал шаруашылығындағы биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық мүмкіндігі талқыланды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Америка елінің өкілдері қауіпті ауруларды анықтау және диагностикалау дағдыларын арттыру үшін ветеринарлық мамандарды оқытуды қарастыратын "Биологиялық қауіпті азайту бағдарламасы" аясында ынтымақтастықты ұсынды. Атап айтқанда, ветеринариялық мамандар мен малшыларды оқыту, ветеринариялық бейіндегі оқу бағдарламаларын және кәсіби лицензиялау жүйелерін әзірлеу, тұрақты даму бойынша семинарлар өткізу, аса қауіпті патогендерден туындаған ауруларды анықтау және диагностикалау бойынша оқу материалдарын жаңарту және тарату мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, АҚШ тарапы қазақстандық мал өсірушілерге ДДҰ/ХЭБ/ФАО-мен үшжақты ынтымақтастық негізінде аса қауіпті патогендер бойынша есептілікті анықтау, диагностикалау және ұйымдастыру үшін "Бірыңғай ұлттық денсаулық" құрылымын әзірлеуге және институционализациялауға жәрдем көрсетуге дайын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу