АҚШ, Оңтүстік Корея мен Жапония Солтүстік Кореяға қарсы санкциялар енгізді

845

Санкциялар Пхеньянның қару-жарақ бағдарламаларына қатысы бар шенеуніктерге салынды.  

АҚШ, Оңтүстік Корея мен Жапония Солтүстік Кореяға қарсы санкциялар енгізді Фото: encrypted-tbn0.gstatic.com

АҚШ, Оңтүстік Корея мен Жапония қараша айында құрлықаралық баллистикалық зымыранның жаңа әрі ең үлкен сынағынан кейін елдің қару-жарақ бағдарламаларына қатысы бар Солтүстік Корея шенеуніктеріне қарсы санкциялар енгізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Америка дауысына" сілтеме жасап.

АҚШ Қаржы министрлігі сәуір айында ЕО санкциялар тізіміне енгізген Сон Иль Хо, Ю Чжин мен Ким Су Гилді атап өтті.

Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі басқа жеті адамға, соның ішінде Сингапур мен Тайвань азаматтарына, сегіз ұйымға санкциялар жариялады. Олардың барлығы 2018 жылдың қаңтары мен 2022 жылдың қазанында АҚШ жариялаған санкцияға қалғандар қатарында, деп хабарлады министрлік.

Жапония да үш ұйым мен бір адамға қарсы санкциялар енгізді, деп хабарлады СІМ. Олардың арасында кибершабуылдар жасады деп күдіктелген Lazarus Group тобы бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу