АҚШ өз азаматтарына баруға кеңес бермейтін 20-дан аса елдің тізімін жариялады

Бұл тізімге қарулы қақтығыс, терроризм, саяси тұрақсыздық және адам ұрлау қаупі жоғары мемлекеттер енгізіліп отыр. 

АҚШ өз азаматтарына баруға кеңес бермейтін 20-дан аса елдің тізімін жариялады Фото: © AP Photo / Alex Brandon

Геосаяси текетірестер күшейген тұста аталған тізімнің көбеюі әлемдегі тұрақсыздықтың артып келе жатқанын аңғартса керек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осылайша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің "сапарламаңыз" санатына енген елдер қатарында Ауғанстан, Беларусь, Буркина-Фасо, Бирма (Мьянма), Орталық Африка Республикасы, Гаити, Иран, Ирак, Ливия, Ливан, Мали, Нигерия, Солтүстік Корея, Ресей, Сомали, Оңтүстік Судан, Судан, Сирия, Украина, Венесуэла және Вьетнам бар.

АҚШ билігі бұл елдерде қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер, қылмыстың жоғары деңгейі, сонымен қатар, шетел азаматтарының тұтқындалу қаупі бар екенін атап өткен. Мәселен, Украина мен Сирия – соғыс аймағы, Иран мен КХДР – саяси тәуекелі жоғары мемлекеттер, ал Гаити мен Нигерияда қылмыстық топтардың белсенділігі алаңдатады.

Вашингтон өз азаматтарына бұл елдерге барудан бас тартуға, ал сол мемлекеттерде жүргендерге қауіпсіздік шараларын күшейтіп, елшіліктермен байланыста болуға кеңес береді. Мұндай тізім АҚШ-тың сыртқы саясаттағы ұстанымын да анық білдіртіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу