АҚШ стратегиялық мұнай қорын жаратуға мәжбүр

96

АҚШ стратегиялық мұнай қорынан 4 миллион баррель шикізат шығарды.  

АҚШ стратегиялық мұнай қорын жаратуға мәжбүр Фото: news.ua

Бұған елдің оңтүстік-шығысында бірнеше күннен бері соғып тұрған дауыл әсер етті. Себебі дүлей желден Мексика шығанағындағы мұнай өндіру нысандарының үштен бірі жұмысын уақытша тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Исайас" дауылы Мексика шығанағындағы мұнай өндіру жұмыстарын тоқтатып, АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауыттарына қауіп төндіріп отыр.

Соның салдарынан қара алтынның тәуліктік шығыны 1,5 миллион баррельге жетті. Нарықтағы жағдайға Таяу Шығыстағы ахуал да қысым түсіріп тұр. Қақтығыс басталғалы АҚШ-тың шикізат қоры шамамен 132 миллион баррельге қысқарған. Бұл 1982 жылдан бергі ең төмен деңгей.

Осылайша әлемдік нарықта қара алтынның бағасы құбылып тұр. Таяу Шығыстан мұнай жеткізілімі артып, стратегиялық қорлардан қара алтын саудағы шығады деген жаңалықтан кейін баға арзандай бастады. Дегенмен Мексика шығанағындағы дауыл нарықтағы тұрақсыздықты одан әрі шиеленістірді. 

Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіс толық сейілмегендіктен сарапшылар әлемдік энергия нарығындағы белгісіздік әлі де сақталады деп болжайды. Десе де апта соңында АҚШ-тың Иранның қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеу мүмкіндігі бар деген мәлімдемесінен кейін жағдай тұрақтала бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу