АҚШ палестиналықтарға виза беруді тоқтатты

147

Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлады.  

АҚШ палестиналықтарға виза беруді тоқтатты Фото: time.com

АҚШ палестиналық төлқұжат иелеріне виза беруді уақытша тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шектеулер білім алу, іскерлік сапар, туыстарға бару және емделу мақсатындағы визаларға қатысты. Бұған дейін берілген құжаттар өз күшін жоғалтпайды. Жаңа шара жайлы барлық елшіліктер мен консулдықтар хабардар етілген.

Бұған дейін АҚШ Палестина ұлттық әкімшілігі өкілдеріне, оның ішінде президент Махмуд Аббасқа виза беруді шектейтінін мәлімдеді. Бұл қадам Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы қарсаңында жасалды. Себебі, онда бірқатар ел Палестинаның дербестігін мойындайтынын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу