АҚШ пен Австралия гипер дыбыстық қару саласында эксперименттер жүргізуді жоспарлап отыр

299

Бұл 2024 жылы болады деп болжанып жатыр. 

АҚШ пен Австралия гипер дыбыстық қару саласында эксперименттер жүргізуді жоспарлап отыр Фото: svestia.blogspot.com

АҚШ Қорғаныс министрлігі 2024 жылға австралиялық әскерилермен бірге Австралияда гипер дыбыстық қару саласында эксперименттер жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Пентагон басшысының ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жөніндегі орынбасары Хайди Шу мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Defense News агенттігіне сілтеме жасап.

"Біз Австралияда қандай эксперименттер жүргізуге болатынын анықтау үшін, австралиялықтармен тығыз жұмыс істеп жатырмыз", - деп жазады басылым оның өткен демалыс күндері Калифорния штатындағы Рейган Ұлттық қорғаныс форумында айтқан сөздеріне сүйеніп.

Ол 2023 жылы АҚШ пен Австралия гипер дыбыстық қару саласындағы ынтымақтастықты арттырғанын және бірлескен эксперименттер осы бағыттағы келесі қадам болатынын атап өтті.

Defense news мәліметтері бойынша, гипер дыбыстық қару, автономды қару жүйелері, кванттық есептеулер сияқты соңғы технологиялар АҚШ, Австралия және Ұлыбритания арасындағы қауіпсіздік саласындағы серіктестіктің екінші кезеңі – AUKUS-тың өзегі екені атап өтілді. Бұған дейін, AUKUS-тың бірінші кезеңі аясында қатысушылар Канберраға ондаған жылдарға есептелген ядролық сүңгуір қайықтарды жеткізу жобасын жариялаған болатын.

Сондай-ақ, басылым АҚШ пен Австралияның гипер дыбыстық ұшақтар саласында 15 жылдан бері зерттеу жүргізіп келе жатқанын еске салады. 2020 жылы елдер 5 Mach (6125 км/сағ) жылдамдыққа жететін және жойғыш ұшақтардан ұшырылатын жоғары дәлдіктегі зымырандарды әзірлеу бағдарламасын іске қосты.

Сонымен қатар, елдер өздерінің әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін біріктіруді талқылап жатыр. Тараптар жаңа IBCS (Integrated Air and Missile Defence Battle Command System) басқару жүйесімен қалай бірге жұмыс істей алатынын зерттеп жатыр.

Бұдан бөлек, ол әртүрлі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін бір интеграцияланған, көп қабатты жүйеге қосуға мүмкіндік беруі және Тынық мұхитындағы американдық стратегиялық әскери база Гуам аралын қорғауда маңызды рөл атқаруы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу