Әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді. 3 тамыздағы таңғы сауда кезінде Brent маркалы мұнайдың бағасы 5 пайызға түсіп, барреліне 83,53 долларға жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты Tiek.kz порталына сілтеме жасап.
Америкалық WTI мұнайы 5,68 пайызға арзандап, барреліне 79,86 долларға дейін төмендеді. Бағаның құлдырауына АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің бәсеңдеуіне қатысты үміт себеп болып отыр.
Нарық қатысушылары тараптар келіссөздер жүргізіп, әлемдік мұнай жеткізілімі үшін маңызды Ормуз бұғазы арқылы кемелердің қозғалысы қайта қалпына келеді деп сенеді.
Сонымен қатар мұнай бағасына ОПЕК+ елдерінің қыркүйек айынан бастап мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыру туралы шешімі де қысым жасап отыр.