АҚШ пен Иранның уақытша бітімі мұнай бағасын 4%-ға төмендетті

182

Әскери соққыларды уақытша тоқтатуына байланысты әлемдік мұнай бағасы дүйсенбі күні шамамен 4%-ға төмендеді.  

АҚШ пен Иранның уақытша бітімі мұнай бағасын 4%-ға төмендетті Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Күндізгі сауда барысында Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 3,96 долларға арзандап, барреліне 92,82 долларды құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ал WTI (West Texas Intermediate) маркалы мұнайдың бағасы 4,5%-ға төмендеп, бір баррелі 85,29 доллар болды.

Нарық қатысушылары бұл шешім Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетіп, дипломатиялық келіссөздерге жол ашады деп бағалап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Вашинтон Тегеранға он екі күн қатарынан әуе соққыларын жасады. Иран да Ақ үйдің стратегиялық маңызы бар нысандарына шабуылмен жауап қатты. Алайда жексенбіде Иран әскерінің ресми өкілі Мохаммад Акраминия АҚШ-тың шабуылдары екі күн бұрын тоқтағанын айтып, осыған байланысты Тегеран жауап соққыларын жасамайтынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу