АҚШ пен Израильдің шабуылынан Иранда 1300-ден астам адам көз жұмды

182

Шабуыл 28 ақпанда басталған болатын.

АҚШ пен Израильдің шабуылынан Иранда 1300-ден астам адам көз жұмды Фото: Mohammad Rasoul Moradi/Islamic Republic News Agency

АҚШ пен Израильдің шабуылы басталғалы бері Иранда 1300-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты. 9669 азаматтық нысан қирады. Бұл туралы Иранның БҰҰ жанындағы елшісі және тұрақты өкілі Әмір Саид Иравани айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

Ираванидің сөзінше, 7943 тұрғын үй, 1617 сауда және қызмет көрсету орталығы, 32 медициналық мекеме, 65 мектеп пен білім беру ұйымы, елдегі Қызыл Жарты Ай ұйымының 13 ғимараты, энергиямен қамту нысандары қираған. Сенбі күні кешке Тегеран мен басқа елді мекендердегі жанармай сақтау қоймаларына ірі соққылар жасалған. Салдарынан атмосфераға қауіпті әрі улы заттар тарады. Жарылыстар ауаның қатты ластануына әкеліп, балалардың, әйелдердің, қарттардың және ауыр дертке шалдыққан адамдардың денсаулығына қауіп төндірген. Бұл туралы Иранның Қызыл Жарты ай қоғамының деректерінде көрсетілген.

Бұдан бөлек сенбі күні таңертең Тегерандағы Мехрабад әуежайына жасалған шабуыл нәтижесінде бірнеше азаматтық ұшақ пен әуе айлағының инфрақұрылымына қатты зақым келген. Хормозган провинциясындағы тұщыландыру зауытына жасалған соққы салдарынан 30 ауылды сумен қамту жүйесі бұзылған.

Иранның БҰҰ жанындағы өкілі жексенбі күні Ливанның Бейрут қаласындағы қонақүйге жасалған шабуыл салдарынан төрт ирандық дипломаттың қаза тапқанын да хабарлады.

"Басқа егемен елдің аумағында дипломаттарды нысанаға алу ауыр лаңкестік әрекет болып саналады. Бұл – әскери қылмыс", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу