АҚШ пен Қазақстан ядролық қалдықтарды бірге пайдаланбақ

1288

Америкалық тарап еліміздің бұл саладағы мүмкіншіліктерін ерекше бағалады.

АҚШ пен Қазақстан ядролық қалдықтарды бірге пайдаланбақ

АҚШ пен Қазақстанның энергетикалық ведомствалары жоғары байытылған уранды ел аумағында кәдеге жарату туралы келісімге келді, деп хабарлады ҚР энергетика минитрлігі баспасөз қызметі. 

Бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеу бойынша құжатқа еліміздің энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен АҚШ энергетика департаментінің ядролық қауіпсіздік жөніндегі министрінің орынбасары Лиза Гордон-Хагерти қол қойды. 

"Бүгінде ядролық қатерді төмендету жөніндегі жаһандық серіктестік шеңберінде Қазақстанда зерттеу реакторларын конверсиялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның негізгі мақсаты – зерттеу реакторларын төмен байытылған уран отынына ауыстыру арқылы ядролық қалдықтарды таратпау",– деп хабарлады минитрліктің баспасөз қызметі

Жобалар АҚШ ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Осы орайда америкалық тарап Қазақстан ұйымдарының ғылыми-техникалық әлеуеті мен біліктілігінің жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, 16-20 қыркүйек аралығында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация Вена қаласында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас конференциясының 63-ші сессиясына қатысуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу