АҚШ пен Қытай арасындағы кезекті сауда келіссөздері 10 қазанда өтеді

999

Тараптар Вашингтон қаласында кездесу өткізбек. 

АҚШ пен Қытай арасындағы кезекті сауда келіссөздері 10 қазанда өтеді

CNBC дерегі бойынша, қытайлық делегацияға Қытай вице-премьері Лю Хэ басшылық етеді. Бұған дейін Қытайдың сауда министрлігі жариялағандай, Вашингтон мен Бейжің тараптары 19-20 қыркүйекте Вашингтонда кеңесу процесін өткізіп, сауда-экономикалық мәселелерді талқыланған болатын. 

Қос алпауыттың сауда шиеленісін шешу мақсатында келіссөздер өткізіп келе жатқанына бірнеше ай болды. Соңғысы, яғни 12-ші раунды 30-31 шілдеде Шанхай қаласында өтті. Осы аптада тараптар келіссөздер алдында сауда теңгерімсіздігі мен инвесторларды қорғау мәселелерін талқылап алмақ.

Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын америкалықтар құны 250 млрд доллар тұратын қытайлық тауарларға салынатын баж салығын 25 пайыздан 30 пайызға көтеруді 1 қазаннан 15 қазанға дейін шегерген болатын. Ал Бейжің 17 қыркүйектен бастап АҚШ-тың бірқатар тауарын қосымша баж салығынан босатты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу