АҚШ пен Қытай сауда бойынша келісімге келді

1151

15 желтоқсанға жоспарланған АҚШ-тың қытайлық өнімдерге баж салығын енгізуі кейінге қалдырылуы мүмкін.

АҚШ пен Қытай сауда бойынша келісімге келді

Құрама Штаттар Қытаймен сауда келісіміне қатысты ортақ мәмілеге келді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. Енді құжатқа АҚШ президенті Дональд Трамп қол қоюы керек.  

Осылайша 15 желтоқсанға жоспарланған АҚШ-тың қытайлық өнімдерге баж салығын енгізуі кейінге қалдырылуы мүмкін. Оның үстіне Вашингтон Бейжіңге салған жалпы баж салығының көлемін екі есе қысқартуды ұсынған. Сонымен қатар олар Қытайдан америкалық ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды талап етіп отыр. Егер де Бейжің олай жасамаса, 15 желтоқсанға белгіленген баж салығы күшіне енуі мүмкін. 

Осыдан бір апта бұрын Дональд Трамп АҚШ пен Қытай сауда келісімін 2020 жылдың қараша айында, яғни Құрама Штаттардағы президенттік сайлаудан кейін жасайды деп мәлімдеген болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу