АҚШ пен Мексика арасында қорған тұрғызуға 22 миллион доллар жиналды

805

Қазір шекаралық аймақта құрылыс жұмыстары басталды.

АҚШ пен Мексика арасында қорған тұрғызуға 22 миллион доллар  жиналды

АҚШ пен Мексика арасында қорған салу үшін жиналған ақша 22 млн долларға жетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Қайтсем де осы нысанды салам деген Трамп үкімет жұмысын тоқтатуға да барған еді. Кейін арнайы қайырымдылық қоры құрылып, жергілікті тұрғындар оған ақша сала бастаған. Екі апта ішінде орта есеппен 65 доллардан 22 млн жиналыпты. Жоқ дегені – 5, ал мәрт азаматтар 10 мың доллардан берген.

"Қазір шекаралық аймақта құрылыс жұмыстары басталды. Бірақ бұл жобаны комиссия әлі мақұлдаған жоқ",– дейді АҚШ-тың Мексика секциясы бойынша хатшысы Хесус Луивано.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу