АҚШ пен НАТО Киевті қолдауда асыра сілтеушілікке бармауы тиіс – Барак Обама

927

Америка Құрама Штаттары Ресеймен тікелей әскери қақтығысты болдырмау үшін Киев режиміне қолдау көрсетудің шегін өздері анықтауы керек. 

АҚШ пен НАТО Киевті қолдауда асыра сілтеушілікке бармауы тиіс – Барак Обама Фото: Philip Davali

Бұл пікірді АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама God Save America басылымына берген сұхбатында айтты. Ол Вашингтон мен оның НАТО-дағы одақтастары бір шешімге келу керек деп санайды. 

Сонымен бірге олар Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс Ресей мен Солтүстік Атлантикалық Альянс арасындағы әскери шиеленіске айналуы мүмкін екенін естен шығармағандары абзал. 

"Біз Украинаға қай жерде көмек бере алатынымызды, ал қай жерде бере алмайтынымызды анық айтуымыз керек", – деді Ақ үйдің бұрынғы қожайыны.

Ол американдықтар одақтастарымен бірге "қорғаныс қай жерде аяқталып, шабуыл басталатынын" өзара шешу керек екенін атап өтті.

Обаманың пікірінше, АҚШ Украина тарапына берілген қару түрін мұқият қадағалап отыруы керек. Бұл ретте экс-президент көмектің шегі ретінде нені қарастыру қажет екеніне қатысты нақты ұсыныс білдіруден тартынды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу