АҚШ пен Оңтүстік Корея ҚХДР ұшырған зымырандарға жауап қайтарды

1402

Әскери базалары Оңтүстік Корея аумағында орналасқан Оңтүстік Корея мен АҚШ Қарулы Күштері ATACMS-тің "жер-жер" санатындағы зымырандарын Жапон теңізі бағытында ұшырды.

АҚШ пен Оңтүстік Корея ҚХДР ұшырған зымырандарға жауап қайтарды

Бұл туралы бүгін KBS телеарнасы Оңтүстік Корея армиясының Біріккен штаб жетекшілері комитетіне (БШЖК) сілтеме жасап хабарлады.

Телеарна хабарлағандай, ракетаны ұшыру "Солтүстік Кореяның арандатушылықтарына жауап ретінде" жүзеге асырылды. Барлығы төрт зымыран атылды, олар шартты нысандарды жоғары дәлдікпен соқты.

"Осылайша Солтүстік Кореяның арандатушылықтарына міндетті түрде жауап қайтарылатынын ескерткіміз келеді", - деп түсіндірді БЖШК.

Комитет КХДР-ның барлық әскери қызметі үнемі бақылауда екенін және қажет болған жағдайда арандату көзі "бейтараптандырылатынын" жеткізді.

Алайда телеарна әскери оқу-жаттаығулар барысында келеңсіздіктер де орын алғанын жасырмады. "Хенму-2" баллистикалық зымыраны ұшыру барысында базаның ішінде жарылды. Нәтижесінде оқ-дәрілері бар қоймалар өртене бастаған. Салдарынан Жапон теңізінің жағалауындағы Каннын қаласында төтенше жағдай жарияланды. Әскерилер хабарлағандай, оқиға салдарынан құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу