АҚШ президенті Арменияны тағы Албания деп шатастырып алды

398

Бұл жағдай осымен бірнеше рет қайталанып отыр. 

АҚШ президенті Арменияны тағы Албания деп шатастырып алды Фото: Ведомости

АҚШ Президенті Дональд Трамп Әзербайжан қақтығысына қатысты сөйлеген сөзінде Армения мен Албанияны шатастырып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Біз, мысалы, Әзербайжан мен Албания арасындағы жанжалды реттедік", – деді Ақ үй басшысы Ұлыбританияда өткен баспасөз мәслихатында.

Трамп бұл екі ел арасындағы қақтығыс көп жылдарға созылғанын жеткізді.

АҚШ президенті 12 қыркүйекте Fox News телеарнасына берген сұхбатында да осындай қателік жіберген болатын.

8 тамыз күні Вашингтонда Дональд Трамп Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесіп, тараптар бірнеше маңызды келісімге қол қойды. Бұл құжаттар Ереван мен Баку арасындағы қарым-қатынасты реттеуге бағытталған.

Айта кету керек, бұған дейін Трамп Путинге қатысты күтпеген мәлімдеме жасағанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу