banner

АҚШ президенті G7 коммюникесіне қол қоймайды

704

АҚШ президенті G7 коммюникесіне қол қоймайды

АҚШ президенті Дональд Трамп "Үлкен жетіліктің" қорытынды коммюникесіне қол қоймайды. Бұл жайында ол өзінің "Твиттер" парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Мұндай шешім қабылдауға баспасөз мәслихаты кезінде Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдоның мәлімдемесі түрткі болды. Ақ үй басшысы әріптесін жалған ақпарат таратты деп айыптады. Трамп Канаданың АҚШ компанияларына салған тарифтерінің қымбат екенін және көліктерге жасалатын жаңа салықтың да жайы әзірге нақты шешілмегенін әлеуметтік желі арқылы жеткізді.

Айта кету керек, бұл жолғы G-7 кездесуі Канаданың Квебек провинциясында өтті. Талқыға түскен басты тақырып АҚШ-қа шеттен әкелінетін болат пен алюминийге салынатын импорттық баж салығы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу