АҚШ президенті ХАМАС-қа ескерту жасады

244

Ақ үй басшысы осы мәселеге қатысты желіде жазба жариялады.  

АҚШ президенті ХАМАС-қа ескерту жасады Фото: bloomberg.com

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында  ХАМАС-қа үндеу тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Израиль әскері Газадан ішінара шығарылғаннан кейін секторда билік үшін топтар арасында ішкі қақтығыс басталған.

Бұған дейін Трамп ХАМАС бітім жөніндегі келісімді орындаудан бас тартса, ол Израиль премьер министрі Биньямин Нетаньяхуға Газадағы әскери әрекеттерді қайта бастауға рұқсат беруді қарастыратынын жоққа шығармады. Бұл туралы ол CNN тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"ХАМАС Газада адамдарды өлтіруін жалғастырса, бізде оларды барып өлтіруден басқа таңдау қалмайды", – деп жазды Трамп.

Ресми тұлғалар ХАМАС-тың Израильмен ынтымақтастықта болған ер адамдарды жазалап жатқанын хабарлады.

Айта кету керек, бұған дейін Зеленский Трамппен сөйлесу үшін Вашингтонға барғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу