АҚШ Ресей мұнайына санкцияларды уақытша жеңілдетті

97

Мәмілелерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін арнайы лицензия Қаржы министрлігінің сайтында жарияланды.

АҚШ Ресей мұнайына санкцияларды уақытша жеңілдетті Фото: Dialog UA

АҚШ 11 сәуірге дейін Ресей мұнайы мен мұнай өнімдерін сатуға қатысты санкцияларды уақытша жеңілдетті. Бұл 12 наурызға дейін танкерлерге тиелген қара алтынға қатысты болмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

АҚШ Қаржы министрлігінің басшысы Скотт Бессенттің сөзінше, мұндай шешімді президент Дональд Трамп қабылдаған. Осылайша әлемдік энергетикалық нарықтағы тұрақтылықты сақтау және мұнай бағасының күрт қымбаттауына жол бермеу көзделіп отыр. 

Министр X әлеуметтік желісіндегі жазбасында бұл "нақты әрі қысқа мерзімді шара" екенін мәлімдеді. Бессент тиісті қадам Мәскеуге қаржылық тұрғыдан айтарлықтай пайда әкелмейді деп отыр. Себебі Ресейдің мұнай-газ саласынан түсетін негізгі табысы өндіріс орындарында алынатын салықтар арқылы қалыптасады. Сонымен қатар ол мұнай бағасының өсуін қысқа мерзімді және уақытша құбылыс деп бағалады. АҚШ Қаржы министрінің сөзінше, ұзақ мерзімде бұл жағдай Вашингтон үшін тиімді болуы мүмкін.

Fox News телеарнасының хабарлауынша, 12 наурыздағы жағдай бойынша әлемнің 30 түрлі нүктесінде тұрған танкерлерде Ресейге тиесілі 124 миллионға жуық баррель мұнай бар. Телеарна дерегіне сәйкес, Ормуз бұғазындағы жағдайды ескергенде бұл көлем 5-6 күндік мұнай жеткізіліміне ғана жетуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу