АҚШ Ресейге әскери технология жеткізгендерге санкция енгізеді

462

АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге әскери технологиялар жеткізушілеріне қарсы санкциялар енгізеді.  

АҚШ Ресейге әскери технология жеткізгендерге санкция енгізеді Фото: AP/ Jacquelyn Martin

АҚШ-тың қаржы министрі Джанет Йеллен Украинадағы соғыс қимылдарын жалғастыруға ықпал ететін Ресейдің әскери технологияларын сатып алу немесе жеткізумен айналысатын жеке тұлғалар мен компаниялардың трансұлттық желісіне жаңа санкциялар енгізетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Йеллен Балидегі G20 саммитінің барысында 14 адам мен 28 ұйымға, соның ішінде қаржылық делдалдарға санкциялар салынатынын айтты, бірақ толығырақ ақпарат беруден бас тартты. АҚШ бұл туралы дүйсенбіде 14 қарашада хабарлауды жоспарлап отыр.

"Мұның барлығы - Ресейдің әскери әрекеттеріне қарсы тұрып, санкциялар мен экспорттық бақылау арқылы қажетті әскери жабдыққа қолжетімділікті қысқартуға қатысты ауқымды шараларымыздың бір бөлігі", - деді Йеллен журналистерге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу