АҚШ: Сайлау кезінде есепке алынған 1,8 млн бюллетень жалған болып шықты

585

Джо Байден қазірден-ақ өз жеңісіне сенімді.

АҚШ: Сайлау кезінде есепке алынған 1,8 млн бюллетень жалған болып шықты

АҚШ-та электораттың 2 млн-ға жуық дауысы жалған болып шықты. Мұны демографиялық статистика мен бюллетеньдердегі деректерді салыстырып, нәтижесін жариялаған сот бақылаушылары мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Айтуларынша, АҚШ-тың 29 штатындағы 353 округте дауыс беру құқығы бар азаматтар санынан 1,8 млн бюллетень артық түскен. Демек, сонша жалған дауыс берілген. Салдарынан Пенсильвания мен Филадельфия штаттарында дауыстардың саналуы тоқтатылды. Саналмай қалған бюллетеньдерді қауіпсіздік қызметі мен 30 камера күні-түні бақылап отыр.

Дональд Трамп Байден озып тұрған штаттардың бәрінде алаяқтық орын алды. Біз бәрін сот арқылы дәлелдейміз деп отыр. Ал Джо Байден қазірден-ақ өз жеңісіне сенімді.

АҚШ Президенті сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша Джо Байден айқын басымдықпен алда келеді. Трамп одан 50 дауыс аз жинаған. Ақ үй жетекшісі сайлау кезінде демократтар құйтырқылыққа жол берді деп есептейді. Ол Пенсильвания мен Невададағы штаб үстінен сотқа арызданды. Айтуынша, сайлауды ұйымдастырғандар сыбайлас жемқорлыққа жол берген. Толығырақ Блумберг сараптамасында.

АҚШ валютасының индексі төмендей бастады. WTI фьючерсі де 1,8 пайызға түсті. Оған Америкадағы сайлау нәтижесінің күмән тудыруы себеп болды. Дегенмен жергілікті қор индекстерінде 2-3 пайызға жуық өсім бар. Мәселен, Наздаг осы аптада 9 пайызға жуық өсім көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу