Бұған Вашингтон мен Тегеран арасындағы шиеленіс, Ормуз бұғазының жабылуы және мұнай нысандарының бүлінуі себеп болып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
АҚШ 40 жыл ішінде алғаш рет Сауд Арабиясынан мұнай импортын нөлге дейін қысқартты. Қазіргі уақытта Сауд Арабиясынан келетін жеткізілімдерге балама іздестіріліп жатыр. Мәселен, сәуір айында Эр-Риядтан тәулігіне 600 000 баррельден астам мұнай сатып алып отырған еді.
Сонымен қатар АҚШ өз мұнайын көбірек өңдей бастап, Венесуэладан мұнай импортын арттырды. Шамамен тәулігіне 600 000 баррельге жетті. Ал жыл басында бұл көрсеткіш шамамен 100 000 баррельді құраған болатын.
Сарапшылардың болжамынша, тамыз айында Сауд Арабиясынан жеткізілетін мұнай көлемі қайта қалпына келіп, тәулігіне 300 мың баррельге дейін жетуі мүмкін.