АҚШ сенаторлары Пентагоннан Украинаға дрондар беруді сұрады

503

АҚШ-тың республикалық және демократиялық партияларының сенаторлар тобы Пентагон басшысы Ллойд Остиннен Украинаға MQ-1C Gray Eagle дрондарын бермеу туралы шешімін қайта қарауды сұрады, деп хабарлады The Wall Street Journal конгрессмендердің хатына сілтеме жасап.  

АҚШ сенаторлары Пентагоннан Украинаға  дрондар беруді сұрады Фото: img8.eadaily.com

"Украинаға MQ-1C беру - ұзақ мерзімді перспективада маңызды қадам", — делінген 16 сенатор қол қойған хатта.

Олар бұл дрондарды Украинада тиімді қолдануға болатынына сенімді. Бұған дейін Украина Gray Eagle дрондарын сұрағанда Пентагон өтінішті қабылдамаған еді.

CNN телеарнасы өзінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, АҚШ-та Gray Eagle модификациясының мүмкіндіктерін қарастырып жатқанын айтты, себебі оның жау қолына түскен жағдайды жасалу технологиясы құпия болып қала беру керек.

Телеарна "төрт Hellfire зымыранын алып жүре алатын әрі 8 мың шақырымға жуық қашықтықты бағындыру үшін 30 сағат бойы үздіксіз ұшатын Gray Eagle-ді өзгертпестен Украинаға әскери көмек ретінде беру мүмкін емес екенін хабарлайды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу