АҚШ штаттары Google-ді сотқа бермек

902

Олар Google монополияға қарсы заңнаманы бұзды деп айыптады.

АҚШ штаттары Google-ді сотқа бермек Фото: reuters.com

АҚШ-тың бірқатар штаты Android қосымшалар дүкенін бақылауға алғаны үшін Google-ді сотқа бермек, деп хабарлайды Inbusiness.kz Politico басылымына сілтеме жасап.

Бұл іске 36 штат қосылды. Олардың қатарында Юта, Солтүстік Каролина, Теннесси, Нью-Йорк, Аризона, Колорадо, Айова, Небраска штаттары және Вашингтон бар (Колумбия округі). Олар Google монополияға қарсы заңнаманы бұзды деп айыптады. Мұндай арыз осымен үшінші мәрте жіберіліп отыр.
Өткен жылы АҚШ-тың әділет министрлігі және оны қолдаған бірнеше штат Google-ді іздеу жарнамасындағы үстемдігін асыра пайдаланғаны үшін сотқа берген еді. Кейінгі сот ісінде Техас бастаған штаттар тобы компанияның интернет ортадағы бәсекелестікке қарсы әрекетін сынаған болатын.

Сонымен қатар Google-ді Еуропалық Одақтың монополияға қарсы органдары да тексермек. Олар компанияның сандық жарнама саласындағы бизнесіне қатысты ресми тергеуді бастайды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу