Бұл ақпаратты АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы – CENTCOM да растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сирия Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін америкалық күштер орналасқан барлық әскери нысандар ел үкіметінің бақылауына берілген.
Дамаск бұл шешімді елдегі қауіпсіздік жағдайының өзгеруімен және терроризмге қарсы операцияларды енді өз күшімен жүргізе алатынымен түсіндірді.
АҚШ әскері 2014 жылы Сирияда террорлық ұйым ретінде танылған "Ислам мемлекетімен" қарсы күресу үшін жұмылдырылған болатын. Кейінгі миссиясы 5 мың 700-ге тарта содырды ұстау жұмыстарымен аяқталды. Былтыр АҚШ Сирияның солтүстік-шығысындағы сегіз базасының үшеуін жауып, сарбаз санын 2000-нан 1400 адамға дейін қысқартатын мәлімдеген. Ал осы айдың басында АҚШ күштері Сирияның шығысындағы Иордания шекарасына жақын орналасқан Әл-Танф базасынан біртіндеп шығарылды.