АҚШ Солтүстік Кореяны жойып жібереміз деп сес көрсетті

783

 АҚШ Солтүстік Кореяны жойып жібереміз деп сес көрсетті

Солтүстік Кореяның тағы да зымыран ұшыруына байланысты БҰҰ қауіпсіздік кеңесі шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды 24.kz

Басқосуға АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея елдері бастамашы болды. Жиын барысында АҚШ өкілі: "Солтүстік Кореяны толық жойып жібереміз", – деп сес көрсетті.

"Солтүстік Кореямен соғысуға сылтау іздеген емеспіз. Әлі де ниетіміз жоқ. Бірақ олардың арандату әрекеттері дәл осылай қарқын ала беретін болса, соғыс отының тұтануы ғажап емес. Олай бола қалса, күмәнім жоқ, Солтүстік Корея режімі жойылады", - дейді БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли.

Айта кетейік, бірер күн бұрын Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды. Ол 53 минутта мың шақырымдай қашықтыққа ұшып, Жапон теңізіне құлады. Іле шала ресми Пхеньян жаңа зымыран АҚШ-тың кез келген нүктесіне жетіп, нысананы жоя алатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу