banner

АҚШ соты: Қазақстанның Стати ісіне қатысты дәлелдері дәйексіз

924

 Қазақстан тарапы кәсіпкерлерді АҚШ-тың рэкет туралы заңын бұзып және алдау арқылы біздің елден 506 млн доллар алғысы келеді деп айыптаған еді.

АҚШ соты: Қазақстанның Стати ісіне қатысты дәлелдері дәйексіз

Қазақстан АҚШ сотын Стати ісін қайта қарауға көндіре алмады. Себебі, дәлелдері дәйексіз болып шыққан, деп хабарлайды Atameken Business.

Колумбиялық судьялар "Анатолий мен оның ұлы Габриэль Статидың адвокаттарға төлем жасау арқылы алаяқтық жасады және ақша жымқырды" деген уәж дұрыс емес деген. Қазақстан тарапы кәсіпкерлерді АҚШ-тың рэкет туралы заңын бұзып және алдау арқылы біздің елден 506 млн доллар алғысы келеді деп айыптаған еді.

Айта кетейік, молдовадық бизнесмен мен Қазақстан билігі арасындағы сот бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Мұнай саласына инвестиция салған Статилер еліміздегі мемлекеттік органдар "инвестициясын тым арзанға сатуға мәжбүрлеу үшін қыспаққа алғанын" айтады. Нұр-Сұлтан бұл айыптауды теріске шығарып, кәсіпкерлерді алаяқтық жасады деп айыптады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы желтоқсанда Қазақстан Бельгияда кезекті сот отырысында жеңіліп қалды. Әділет министрлігі өзінің жеңілісін түсіндіріп, молдавалық бизнесмендермен әрі қарай күресуге уәде берді.

"Стати ісі" бойынша келесі сот процесі 2020 жылы көктемде өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу