АҚШ Федералдық соты Дональд Трамп әкімшілігіне АҚШ-та туғандарға бірден азаматтық беру құқығын шектейтін жаңа жарлықты іске асыруына тосқауыл қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.
Құқық қорғау ұйымдары Трамптың 6 тамыздағы жарлығына қарсы шықты. Мэриленд штатының округтік судьясы Дебора Бордман бұл шағымнан кейін уақытша сот тыйымын салды.
"Жоғарғы сот бұл санаттағы балалардың дүниеге келгені бойынша ел азаматтары болып саналады деген шешім шығарды", – деп жазды Бордман сот шешімінде.
Оның сөзінше, президенттің тамыздағы жарлығы Конституцияға қайшы келеді. Иммигранттардың құқығын қорғайтын ұйымдар бұл шешімді құптады.
Трамптың айтуынша, елге туристік мақсатпен келіп, іс жүзінде елде босануды көздейтін азаматтар қатары артқан. Ақ үй басшысы бұған дейінгі алғашқы жарлығында АҚШ-та заңсыз жүрген немесе уақытша визамен келгендердің балаларына азаматтық автоматты түрде берілмейтінін мәлімдеген еді.
Төменгі инстанциядағы соттар бұған тосқауыл қойды. Олар АҚШ Конституциясының 14-түзетуіндегі азаматтық туралы бапқа сәйкес, ел аумағында туған әрбір сәбидің АҚШ азаматы болып есептелетінін атап өтті. Кейін бұл ұстанымды Жоғарғы сот та қолдады.
Айта кету керек, бұған дейін Трамп АҚШ-та туғандарға бірден азаматтық беру құқығын жоюға ниетті екенін жазғанбыз.