Мексика шығанағындағы мұнай - газ компаниялары жұмысын тоқтатты

1073

Мексика шығанағындағы мұнай - газ компаниялары жұмысын тоқтатты

АҚШ-тың Миссисипи және Алабама штатының 100 мыңнан астам тұрғыны жарықсыз қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Оған "Нэйт" тропикалық дауылы себеп. Күшті жел өзімен бірге нөсер алып келген.

Табиғи апатқа байланысты елдің оңтүстік өңірінде төтенше жағдай жарияланған. Қазір мұнда тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ жергілікті әуежайлар жабық тұр. Мексика шығанағындағы мұнай және газ компаниялары да жұмысын уақытша тоқтатуды ұйғарған.

"Нэйт" АҚШ-та осы маусымда соққан төртінші дауыл болып отыр. Бұған дейін ол Коста-Рика, Гондурас пен Никарагуада ойран салған еді. Табиғат апат Орталық Американың 30-ға жуық тұрғынының өмірін қиды. Мұнда да дүлей дауылға байланысты төтенше жағдай жариялауға тура келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу