АҚШ-та 142 жолаушысы бар ұшақ өзенге құлады

457

Boeing 737 жолаушылар ұшағы Джексонвилл қаласында өзенге құлады. 

АҚШ-та 142 жолаушысы бар ұшақ өзенге құлады

Boeing 737 жолаушылар ұшағы Американың Джексонвилл қаласындағы өзенге құлады. Бұл туралы шаһардың мэрі Ленни Карри өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды 24.kz.

"Коммерциялық ұшақ өзенге құлады. Мен бұл туралы ақпаратты біздің өрт сөндірушілер мен құтқарушы департамент өкілдерінен естідім. Олар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр", – деп жазды ол.

Қала басшының сөзіне қарағанда, жолаушылардың бәрі дін аман.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақта 142 адам болған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу