BMW компаниясы АҚШ нарығындағы 29 119 автокөлігін кері қайтару туралы шешім қабылдады. Бұған қозғалтқышқа қатысты ақау себеп болып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
АҚШ-тың Жол қозғалысы қауіпсіздігі ұлттық басқармасының (NHTSA) мәліметінше, стартер релесі уақыт өте келе коррозияға ұшырап, қызып кетуі мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға және көліктің өртену қаупінің артуына әкеледі.
Кері қайтару шарасы BMW 530e xDrive, 740Le xDrive және iPerformance сериясына кіретін бірқатар модельдерге қатысты жүргізіледі.
Компания ақау анықталған көліктерді тексеріп, қажет болған жағдайда қосалқы бөлшектерін ауыстыру жұмыстарын тегін атқарады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу