АҚШ-та 4 700-ден астам әскери қызметші вакцинацияға қарсылық білдірді

787

COVID-19: Әлемде не болып жатыр?

АҚШ-та 4 700-ден астам әскери қызметші вакцинацияға қарсылық білдірді

Давостағы форум "омикрон" штамының таралуына байланысты кейінге қалдырылды. Бастапқыда іс-шара қаңтар айының соңына жоспарланған болатын, алайда жаз мезгіліне ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК телеграм арнасына сілтеме жасап.

"Қатаң медициналық хаттамаларға қарамастан "омикрон" штамының таралу жылдамдығы және оның сапар мен қозғалысқа әсері форумды кейінге қалдыруды қажет етті", – деп түсіндірді ұйымдастырушылар.

Қытайда үш жастан 11 жасқа дейінгі 140 миллион бала коронавирусқа қарсы егілді. Қытай ауруларды бақылау және алдын алу орталығының хабарлауынша, балаларда байқалған жанама әсерлердің жиілігі ересектерге қарағанда төмен. Кәмелетке толмағандар вакцинация туралы толық хабардар болған және иммундаудан өтуді қалаған және келіскен жағдайда ғана екпе салдыра алады.

АҚШ-та 12 мыңнан астам әскери адамдары діни себептерге байланысты вакцинациядан босатуды сұрады. Military Times мәліметтері бойынша, әзірге сұраулардың ешқайсысы қанағаттандырылған жоқ. Әуе күштерінің әскери қызметшілерінің көпшілігі, яғни 4 700-ден астам әскери вакцинацияға қарсы шықты. Газетте жарияланғандай, бұл әскер қолбасшылығы үшін күтпеген жағдай болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу