АҚШ-та 90 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

903

АҚШ-та 90 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

Калифорниядағы орман өртінен мерт болғандар саны 35 адамды құрады, деп хабарлайды Associated Press.

Калифорния орман шаруашылығы және өрт қауіпсіздігі қызметінің баспасөз хатшысы Даниэл Берлантаның сөзіне қарағанда,  аймақта болған өрттен 5,7 ғимарат бүлініп, 90 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген.  Тағы 400-ге жуық тұрғын жоғалып табылмай жатыр.

Ал жергілікті биліктің мәлімдеуінше, лаулаған от 3 мыңнан астам үй мен ғимаратты күлге айналдырған. Оның ішінде жоғары сұрыпты шарап дайындайтын бірнеше зауыт бар. Кей жерлерде елді мекендер толығымен өртеніп кеткен. Қазір мамандар 20-ға жуық өрт ошағы тіркелгенін айтады. Тілсіз жаумен күресуге 8 мыңнан астам маман күресіп жатыр. Бірақ ауа райының құрғақ әрі желді болуы өртті сөндіруге кедергі келтіруде.

Билік бұл соңғы 84 жылда болып тұрған ең ірі орман өрті дейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу