АҚШ-тың айдағы ғарыш аппараты аударылып қалды

308

Бұл сондай-ақ Америка тарихында жарты ғасыр үзілістен соң айға қоған алғашқы мобуль болып отыр.

АҚШ-тың айдағы ғарыш аппараты аударылып қалды Фото: видеодан алынған кадр

АҚШ-тың айдағы ғарыш аппараты аударылып қалды. Өткен аптада айға қонған американдық ғарыш аппараты кедергіге тап болып, бір жақ қапталына аударылып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дегенмен оның аспаптары қалыпты жұмыс істеп тұр. Ғалымдар робот түсірген Айдағы Шомбергер кратерінің көрнісін жариялады. Ғарыш модулі қайта қалпына түсе ала ма жоқ па ол жағы әзірге белгісіз, деп жазды Qazaqstan.tv.

Десе де мамандар әлемде алғаш рет жеке компания айға қондырған аппарат осы күйінде де барлау және бақылау жұмыстарын жүргізіп, құнды ақпараттар жинайтынына сенімді.

Айта кетейік, бұл сондай-ақ Америка тарихында жарты ғасыр үзілістен соң айға қоған алғашқы мобуль болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу