​АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета мен маркалар шығарылды

1482

Ақпан айында АҚШ-тың жетекші университеттерінде қазақ фильмдері көрсетіле бастайды. 

​АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета мен маркалар шығарылды

Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі әл-Фарабидің ескерткіш монеталарын, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы бейнеленген пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Монетаның алдыңғы жағында әл-Фараби бейнеленген, ал екінші жағында қазақ халқының мәдени және рухани мұрасының қайта өркендеуін бейнелейтін бүркіт бейнеленген "Рухани жаңғыру" логотипі орналасқан.

Ведомствоның хабарлауынша, елшілік биыл әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына арналған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр екен. Алдағы ақпан айында АҚШ-тың жетекші университеттерінде қазақ фильмдері көрсетіле бастайды. Ал жыл бойы фотокөрмелер мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ американдық сарапшы және академиялық топтар үшін Абай Құнанбайұлы мен әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптардың көрсетілімдерін өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, Елшіліктің ақпараттық ресурстарында батыс саяхатшылары жасаған 19 ғасырдағы Қазақстан тарихының фотосуреттері тұрақты негізде орналастырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу